Ақмола облысында «Шоптыкөл» бөгетінің бұзылуына байланысты апатты-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде

Ақмола облысында апатты-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Қорғалжын ауданында «Шоптыкөл» бөгетінің бұзылуы тіркелді. Гидротехникалық нысан Сабынды ауылынан солтүстікке қарай 2 шақырым жерде орналасқан.
Оқиға орнында суды қауіпсіз өткізу бойынша жедел жұмыстар атқарылуда. Салдарды жоюға ТЖМ, жергілікті атқарушы органдар, аудандық полиция бөлімі және жол қызметтерінің күштері мен құралдары жұмылдырылған.
Жалпы саны шамамен 170 адам және 43 бірлік техника тартылған. Қазіргі уақытта бөгетті нығайту, инертті материалдар төгу және суды бұру жұмыстары жүргізілуде.
Жағдай ТЖМ-нің тұрақты бақылауында.
@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


