ТЖМ құтқарушылары Ақмола облысында лайға батып қалған көліктен 4 адамды эвакуациялады

🚨 ТЖМ құтқарушылары лайға батып қалған көліктен 4 адамды эвакуациялады
🚗 Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Шолақ көлі маңында төрт ер адам, оның ішінде бір бала, жеңіл автокөлікпен терең қар мен батпаққа батып қалды. Көктемде қар еріп, жолдар жүруге қиын учаскелерге айналғандықтан, өздігінен шығуға жасалған әрекеттер нәтиже бермеді.
⛑️ Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар қарлы-батпақты учаскелерді еңсеріп, көлікті тауып, ішіндегі адамдарды эвакуациялады. Құтқарылғандар ең жақын елді мекенге жеткізіліп, одан әрі жолдарын жалғастыруына мүмкіндік берілді.
✅ Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмады.
❗️ ТЖМ көктем мезгілінде ауылдық және батпақты жолдармен жүрген кезде ауа райы жағдайын және көліктің өтімділігін міндетті түрде ескеруді ескертеді.




