Шымкентте өзін экономикалық тергеу қызметкері ретінде таныстырған ер адам ұсталды

Шымкентте Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері өзін экономикалық тергеу қызметінің (ДЭР) қызметкері ретінде таныстырған ер адамды ұстады.
Ведомство мәліметінше, оқиға 2025 жылғы қыркүйекте болған. Күдікті өзін ДЭР қызметкері ретінде таныстырып, компаниялардың бірінің басшысын 25 миллион теңгені өзіне беруге көндірген.
Ақша медициналық мекемені тексерілуі тиіс ұйымдар тізімінен алып тастауға жәрдемдесу сылтауымен алынған.
Ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.
Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды сақ болуға, мәліметтерді ресми дереккөздер арқылы тексеруге және күмәнді ұсыныстарға сенбеуге шақырды.
«Ксивасы бар Нурбол» оқиғасы
Еске салайық, 2021 жылдың жазында Қазнетте өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкері ретінде көрсеткен адам туралы видео тараған. Ролик авторы Нурбол есімді азамат Instagram-да көліктің артқы орындығында отырып тікелей эфир жүргізген. Бір сәтте көлікті полицейлер тоқтатқан. «Ксива қайда?» деген сөздермен ер адам сөмкесінен бір нәрсе іздеп, құқық қорғаушылармен сөйлесуге шыққан.
Кейін «ксивасы бар Нурбол» оқиғасы жалғасын тапты. Шымкентте полицейдің бейнежетоны ер адамның Антикоррупциялық қызмет басқармасының жалған куәлігін пайдаланғанын жазып алған.
Жаңа жанжал 2022 жылғы мамырда болған: «ксивасы бар Нурбол» өзін антикоррупциялық қызметкер ретінде таныстырып, Каспий жағалауынан жер телімін талап еткен.


