Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және тұрақты өсімді қамтамасыз ету шаралары туралы баяндалды

Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және тұрақты өсімді қамтамасыз ету бойынша жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы баяндалды.
Нурымбет Сақтағанов 2025 жылдың қорытындысы бойынша облыс оң даму динамикасын сақтағанын хабарлады. Өсім инвестициялар, құрылыс, ауыл шаруашылығы және сауда салаларында қамтамасыз етілген.
Оның айтуынша, негізгі капиталға салынған инвестициялар 838 млрд теңгеден асты. Жалпы инвестициялық портфель 101 жобаны қамтиды.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 460 млрд теңгеге жуық, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 550 млрд теңгеден астам, ал сауда көлемі 2 460 млрд теңгеден жоғары болды.
Өңірде 407 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Жұмыссыздық деңгейі 4,6% деңгейінде сақталып, 29 мың жұмыс орны құрылды.
Сондай-ақ 2026 жылы Өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында 17 440 жұмыс орнын құру көзделгені айтылды (бірінші тоқсан қорытындысы бойынша 3 317 жұмыс орны құрылып үлгерген).
Әлеуметтік салада атаулы әлеуметтік көмек алушылар санының азаюы байқалады. Қоныс аударуды қолдау және ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру жалғасып жатыр, оның ішінде «Шығыс шақырады» өңірлік жобасы да бар.
Шығыс Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғыртуға ерекше назар аударылып отыр. Өткен жылы 856 км жол мен көшеде жөндеу жұмыстары аяқталған.
Мемлекет басшысы өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту, экономиканы әртараптандыру, инвестиция тарту және туризмді дамыту бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.


