Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Қазақстанда жанармай бағасына қатысты болжам айтты

Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов 2026 жылғы 7 сәуірде үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Қазақстандағы жанармай бағасына қатысты не күтілетінін айтты.
Журналистер АИ-92 маркалы бензин мен дизель отыны бағасын көтеруге қатысты мораторийдің тоқтатылуы аясында жанармай бағасына қандай болжам бар екенін сұрады.
Сұңғат Есімхановтың айтуынша, жанар-жағармай бағасында күрт өсім болмайды.
"Мен сенімдімін, және әріптестерім де мұны растайды, жанар-жағармайға ешқандай күрт өсім болмайды. Бәлкім, нарықтық болады, өздеріңіз көріп отырсыздар – көршілерде осы жанармай түрлерінің бәрі әлдеқайда қымбат. Сондықтан біртіндеп, бәлкім, аздап өсім болуы мүмкін, бірақ менің ойымша, ешқандай күрт секіріс болмайды", – деді Сұңғат Есімханов.
2026 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстанда АИ-92 бензині мен дизель отыны бағасын көтеруге қатысты мораторий аяқталды. Бұл мораторий 2025 жылғы 16 қазаннан бері әрекет еткен.
https://t.me/chinovnik_kz
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


