Астанада Porsche жүргізушісі 59 рет жылдамдық асырғаны үшін қамауға алынды

Астанада Porsche көлігінің жүргізушісі жылдамдық режимін 59 рет бұзғаны үшін қамауға алынды.
59-шы құқықбұзушылық 2 сәуір күні Әл-Фараби көшесінде тіркелген: ер адам 133 км/сағ жылдамдықпен жүрген және жаяу жүргіншілер өткелінен сары жарыққа өтіп кеткен.
Сот отырысында «жарысқұмар» жүргізуші кінәсін мойындағанымен, асығыс болғанын, сондай-ақ өз пікірінше жолдың бос болғанын айтқан.
Сот бұл жағдайдың алғашқы жылдамдық асыру емес екенін ескеріп, жүргізушіні «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша жауапқа тартты. Нәтижесінде ер адам 15 тәулікке қамауға алынды.
«Мерейтойлық» құқықбұзушылық қайталанбайды деген үміт бар.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


