Астанада блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Толегеноваға қатысты сот процесі жалғасуда

Астанада блогерлерден құралған ерлі-зайыпты Ерболат Жанабылов пен Эльмира Толегеноваға қатысты резонансты іс бойынша сот талқылауы жалғасып жатыр. Тергеу нұсқасына сәйкес, олар әлеуметтік желідегі платформаларын пайдаланып, адамдарды ақылы өнімдер мен ұтыс ойындарына тартқан.

Өз сөзін бастамас бұрын Жанабылов толқып тұрғанын айтып, қазақ тілінен орыс тіліне ауысып кетуі мүмкін екенін түсіністікпен қабылдауды сұрады. Ол қазақ мектебінде оқығанын және жұбайымен танысқанға дейін орыс тілінде нашар сөйлегенін атап өтті.
Одан кейін блогер әлеуметтік желідегі ұтыс ойындарына қатысты болған жайтты өз нұсқасы бойынша түсіндіре бастады. Алайда бір сәтте ол БАҚ өкілдерінің, соның ішінде тілшінің де, диктофондары мен петличкаларын өз бетінше өшіріп тастады.
Сот айыпталушыларды фото және видеоға түсіруге тыйым салғанымен, олардың сөзін аудиожазбаға жазуға тыйым салынбаған.
Журналистердің наразылығынан кейін барлық құрылғылар қайта қосылып, орнына қайтарылды. Жанабылов БАҚ өкілдерінен кешірім сұрап, әрекетін «өзін теріс қырынан көрсетіп қояды деген паранойясы бар» деп түсіндірді. ❗


