Алматы зообағындағы оқиға: арыстан вольеріне зат лақтырған азамат жауапкершілікке тартылды 📹

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Алматы зообағы аумағында қоғамдық тәртіптің бұзылуына қатысты бейнематериал анықталды.
Бейнежазбада жас жігіттің арыстан қамалған вольерге қарай тасқа ұқсас затты лақтырғаны көрінеді. Бұл әрекет қоғамдық тәртіпті және қоғамдық орында өзін ұстау қағидаларын өрескел бұзу ретінде бағаланды.
Жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде құқық бұзушының жеке басы анықталып, ол мән-жайды анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілді.
Осы дерек бойынша оған қатысты ұсақ бұзақылық фактісімен әкімшілік іс қозғалды.
Істі Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты қарап, азаматты кінәлі деп танып, жауапқа тартты.
#ЗАҢМЕНТӘРТІП
📱 POLISIA.KZ
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


