Алматыда 2023 жылғы Багаудин Озиевтің өліміне күдікті Аким Задорожный екі айға қамауға алынды

27 қарашада Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотында 2023 жылы Багаудин Озиевтің өліміне байланысты күдікті Аким Задорожныйға қатысты бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініш қаралды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Жәбірленуші тараптың адвокаты Рена Керимованың айтуынша, қылмыс жасалған сәттен екі жыл өткен соң Аким Задорожный сот санкциясымен екі айға қамауға алынған.
Қалалық прокуратурада қылмыс құрамын қайта саралау туралы шешім қабылданған. Қазір оған ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі — «Денсаулыққа ауыр зиян келтіру, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соғу» бойынша айып тағылып отыр. Бұл бап бойынша ең жоғары жаза — 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
Керимова қайта саралаумен толық келісетінін айтып, бұл шешім әділдікті қалпына келтіруге мүмкіндік бергенін мәлімдеді.
#Выпотрошили #кишки #вАлматы #спустя #два #года #арестовали #подозреваемого #вубийстве #возле #караоке #новостиказахстан #новостикз


