🚸 Қауіпсіз өткел: Қызылордада полицейлер оқушылардың жол қауіпсіздігін күшейтілген режимде қамтамасыз етуде

🚸 Қауіпсіз өткел: полицейлер оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Балалардың жолдағы қауіпсіздігі мәселесі әрдайым ерекше маңызға ие.
Күн сайын мыңдаған оқушы мектепке барар жолда түрлі жол учаскелері мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өтеді. Дәл осындай сәттерде олардың қауіпсіздігіне ерекше назар аудару маңызды.
Осы бағытта Қызылордада полиция қызметкерлері білім беру ұйымдарының маңында күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Әсіресе қарбалас уақытта — таңертең және сабақ аяқталғаннан кейін — патрульдік және ювеналдық полиция қызметкерлері жаяу жүргіншілер өткелдерінде кезекшілік етеді.
Құқық қорғау қызметкерлері көлік қозғалысын реттеп қана қоймай, балалардың жолдан қауіпсіз өтуіне көмектеседі, сондай-ақ жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтау қажеттігін еске салады.
#ЗАКОНИПОРЯДОК #НАШАПОЛИЦИЯ
📱 POLISIA.KZ


