Алматы академиясында қауіпсіздік саласындағы заманауи сын-қатерлер мен жаңа тәсілдер талқыланды

🔹 Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясында 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы жұмыс қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды.
Іс-шараға ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Аленов қатысып, негізгі бағыттар бойынша нақты тапсырмалар берді. Кеңеске орталық аппараттың қызметтері мен өңірлік департамент басшыларының орынбасарлары қатысты.
Жиында қылмыстық ахуалдың өзгеріп отырғаны, әсіресе киберқылмыстардың көбеюі атап өтілді. Осыған байланысты заманауи технологияларды енгізу және жедел қызметті жаңғырту қажеттігі айтылды.
Сонымен қатар академия курсанттары мен тыңдаушылары үшін мазмұнды алаң қалыптасты. Оларға жедел-іздестіру қызметі туралы заң жобасының жаңартылған нұсқасы таныстырылды.
Іс-шара аясында “Kazdream IT Holding” компаниясының сарапшылары қатысқан арнайы семинар өтіп, құқық қорғау саласында жаңа технологияларды қолдану жолдары тәжірибелік түрде көрсетілді.
Жалпы, кеңес құқық қорғау саласының жұмысын жетілдіруге және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған нақты міндеттерді айқындады.
#БІЗДІҢПОЛИЦИЯ
📱 POLISIA.KZ


