Алматыда екі жолаушылар автобусы соқтығысты: бірнеше адам медициналық көмекке жүгінді

Алматыда екі жолаушылар автобусы қатысқан жол-көлік оқиғасы тіркелді.
Полицияның мәліметінше, апат бүгін шамамен 12:00-де Әуезов ауданында болған. Оқиға орнынан желіде видео жарияланды.
Алдын ала дерек бойынша, №15 бағыттағы автобус Сүлейменов көшесімен солтүстік бағытта қозғалып келе жатып, №66 бағыттағы автобуспен соқтығысқан. Сол сәтте екінші автобус қиылыста Жандосов көшесіне солға бұрылып, жаяу жүргіншілерді өткізіп тұрған.
ЖКО нәтижесінде бірнеше жолаушы медициналық көмекке жүгінді. Алынған жарақаттардың сипаты туралы ақпарат берілмеді.
Оқиғаның қосымша мән-жайы анықталып жатыр.
Бұған дейін Алматыдағы Құлжа тас жолында жаппай жол-көлік оқиғасы болғаны хабарланған еді.
Сондай-ақ Алматыда жаңбыр салдарынан көліктердің «жүзіп» жүргені туралы видео жарияланған.


