Баян Алагузова «Қыз Жібек» камзолына қатысты әлеуметтік желідегі талқылауға жауап берді

Продюсер және актриса Баян Алагузова әлеуметтік желілерде «Қыз Жібек» фильміндегі камзолға қатысты қызу талқылауға пікір білдірді. Ол өз жауабын Instagram сторисінде жариялаған.
Алагузова камзолдың ұзақ жылдар бойы ешкімнің назарында болмағанын айтып, бұл жағдайға наразылығын жеткізді.
«Вы знаете, мой культурный шок тоже в шоке. Почему-то 50 с лишним лет этот камзол никому не был нужен. Никто про него не вспоминал. Почему же вы до этого все 30 лет не вспоминали? А где костюмы великой картины? Где они? Кто их сохранил? Да никто не сохранил», — деді ол.
Оның айтуынша, өзіне берілген камзол қазір көпшілік үшін «ком в горле» болып отыр.
«Этот костюм никому ничем не должен и не обязан. Его не существует ни на одной бумажке, ни на одном балансе. Его сохранила одна святая женщина, которая просто хранила этот камзол у себя дома. Понимаете? И теперь она захотела, чтобы он был в хороших, надёжных руках. Не в музее, который посещают 30 человек в год… А передать его мне», — деп жалғастырды Алагузова.
Продюсер камзолдың не себепті өзіне тигенін және онымен не істемек екенін де түсіндірді. Оның сөзінше, ол камзолды қайтадан жаңғыртып, көпшілікке кеңінен танытуды көздейді.
«Потому что я его заново воссоздам завтра, потому что я сошью 600 реплик, чтобы каждый знал, что это камзол Кыз-Жибек. У меня до этого камзола была такая идея... Поэтому на следующий год, во время проведения "Қазақ аруы", 17-й год подряд, я сошью реплики один в один, как и планировала это сделать», — деді ол.
Алагузованың айтуынша, актриса Меруерт Утекешева көзі тірісінде өзіне арнап конкурс өткізілетіндей құрметке лайық.
«Я сошью реплики её наряда, сколлаборирую с фильмом… Либо сдам в музей. Пусть висит там, и пусть 30 человек в год смотрят на него... Давайте смиримся с тем, что это мой камзол и что я сделаю всё для того, чтобы популяризировать и идеализировать эту красоту, созданную Гульфайрус Исмаиловой», — деп қосты ол.
Еске салайық, бұған дейін Алагузова әлеуметтік желіде гардеробындағы ерекше жаңалығын көрсетіп, жаңа видеода өрнектеліп тігілген камзолды киіп көрген. Ол енді «Қыз Жібек» атты аңызға айналған кинолентадан қалған артефактқа ие екенін айтқан. Жарияланым әлеуметтік желілерде қызу талқылау туғызып, оған Мәдениет және ақпарат министрлігі де реакция білдірген.
«Қыз Жібек» — қазақстандық кинематографиядағы ең танымал фильмдердің бірі. Ол 1970 жылы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген. Картина аттас қазақ эпосына негізделіп, руаралық қақтығыстар аясындағы Жібек пен Төлегеннің трагедиялық махаббат хикаясын баяндайды.
Фильмдегі басты рөлді актриса Меруерт Утекешева сомдаған. Көркемдік шешім, соның ішінде костюмдер, суретші Гульфайрус Исмаилова тарапынан жасалған және елдің мәдени мұрасының маңызды бөлігі саналады.
Фильм ұлттық киноның негізгі туындылары қатарына кіреді және Қазақстан тарихындағы ең маңызды картиналардың бірі ретінде жиі аталады.


