Британ зерттеушілері бұғатталған iPhone-нан Express Transit арқылы 10 мың долларға дейін ақша шешуге мүмкіндік беретін осалдықты сипаттады

Британ зерттеушілері iPhone құрылғыларында бұғатталған күйде де 10 мың долларға дейін (шамамен 4,7 миллион теңге) қаражатты есептен шығаруға мүмкіндік беретін осалдықты анықтаған.
Схема қалай жұмыс істейді Зерттеушілер Иоан Буряну мен Том Чотия iPhone-ды кәдімгі NFC-терминалдың көмегімен «алдауға» болатынын анықтаған. Олардың айтуынша, смартфонды ол қаскүнемнің қолында емес, метро немесе автобустағы турникет алдында тұрғандай қабылдатуға болады.
Apple жүйесінде бұрын пайдалы деп саналған Express Transit функциясы бар. Ол жолақыны бір рет түрту арқылы төлеуге мүмкіндік береді — пароль енгізбей және Face ID арқылы бетті сканерлемей.
Зерттеушілердің мәліметінше, қаскүнем кәдімгі төлем терминалын көлікке арналған терминал ретінде «ауыстырып» көрсете алады. Мұндай жағдайда iPhone операцияны жолақы төлемі ретінде қабылдап, қосымша растаусыз өткізіп жіберуі мүмкін.
Қанша қаражат шешілген Veritasium арнасының блогерлері бұл теорияны тәжірибеде тексеріп көрген: олар өз телефонынан экранды бұғаттан шығармай-ақ 10 мың долларды (шамамен 4,7 миллион теңге) есептен шығара алған.
Қандай карталар қауіпте Мәліметке сәйкес, осалдық тек Apple Pay-ге қосылған Visa карталарына және Express Transit функциясы қолданылған жағдайларға қатысты.
Mastercard және басқа төлем жүйелеріне бұл сценарий қолданылмайды.
Apple мен Visa не деді Мәлімет бойынша, Apple бұл мәселе Visa тарапынан транзакцияларды өңдеу ерекшеліктерімен байланысты екенін айтқан.
Visa өз кезегінде пайдаланушыларды тыныштандырған: егер осы осалдық салдарынан қаражат есептен шығарылса, нөлдік жауапкершілік саясаты аясында ақша қайтарылуы тиіс.
Компания сондай-ақ мұндай сценарийдің күнделікті өмірде өте екіталай екенін атап өткен, өйткені шабуыл үшін бірден бірнеше шарттың сәйкес келуі және арнайы жабдық қажет.
Айта кетейік, наурыз айында бүктелетін iPhone-ның шығу мерзімдері туралы ақпарат пайда болған. Ол кезде инсайдерлер көптен күткен құрылғының таныстырылымы бірнеше айға кейінге қалдырылуы мүмкін екенін хабарлаған.
Сондай-ақ: Қазақстандықтар 45 мың теңгеге iPhone 17 Pro Max-қа “повелись“


