Павлодардағы әскери бөлімдегі атыстан кейін жараланған әскери қызметкердің жағдайы белгілі болды

Павлодардағы әскери бөлімдердің бірінде қайғылы оқиға болды. Алдын ала мәлімет бойынша, келісімшарт бойынша қызмет ететін әскери қызметкер өзіне бекітілген қарудан оқ атқан. Соның салдарынан ол оқиға орнында қаза тауып, тағы бір келісімшарттағы әскери қызметкер жарақат алған.
Жараланған әскери қызметкер Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізілген. Аурухана өкілдерінің айтуынша, жас жігіттің жағдайы ауыр.
"2001 жылы туған пациент жансақтау бөлімінде, оның жағдайы тұрақты, ауыр деп бағаланады. Барлық қажетті емдеу шаралары жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.
Бұған дейін сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатқаны, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқаны хабарланған. Сондай-ақ тергеу барысы ІІМ-нің әскери-тергеу департаментінің бақылауында екені атап өтілген.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


