Павлодардағы әскери бөлімде атыс болды: бір әскери қызметкер қаза тауып, екіншісі жараланды

Павлодарда әскери бөлімдердің бірінде атыс оқиғасы тіркелді. Нәтижесінде бір әскери қызметкер қаза тауып, тағы біреуі жараланды.
Полиция мәліметінше, оқиға келісімшарт бойынша қызмет ететін әскери қызметкерлердің қатысуымен болған. Олардың біреуі өзіне бекітілген қарудан оқ атқан. Осыдан кейін ол оқиға орнында көз жұмған, ал екінші әскери қызметкер жарақат алған.
Ішкі істер министрлігінің алдын ала дерегіне сәйкес, келісімшарттағы әскери қызметкер бекітілген қарудан бірнеше рет оқ атып, соның салдарынан өзі оқиға орнында қаза болған, ал басқа әскери қызметкер жараланған.
Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 2001 жылы туған зардап шеккен әскери қызметкер Павлодар қалалық №1 ауруханасының реанимация бөлімінде жатыр. Оның жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп бағаланған.
Аталған дерек бойынша қылмыстық істер қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.
https://t.me/kriminal_kazakhstan


