БҚО-дағы той кортежі: Ақсайда жол ережесін бұзған жүргізушілер жауапкершілікке тартылды

Батыс Қазақстан облысында (БҚО) Ақсай қаласында той кортежіне қатысушылар жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған.
Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері 20-дан астам құқық бұзушылықты анықтап, олардың жолын кесті.
Полицейлердің жедел әрекетінің нәтижесінде барлық көлік анықталып, арнайы айып тұрағына қойылды. Жүргізушілер мен жолаушылар мынадай фактілер бойынша жауапкершілікке тартылды:
- қауіпті маневр жасау;
- апатты жағдай туғызу;
- көлік люгінен шығу;
- қауіпсіздік белдігін тақпау.
Сондай-ақ әрбір жүргізушімен және жолаушылармен тәртіп сақшылары профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Полиция жол қозғалысы ережелерін сақтау әрбір қатысушының міндеті екенін еске салып, мұндай құқық бұзушылықтарға заң аясында қатаң шара қолданылатынын мәлімдеді.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


