Астанада көпқабатты үйдегі өрттен үш бала қаза тапты

⚡️Астанада көпқабатты тұрғын үйдегі өрт салдарынан үш бала қаза тапты. Өрт түнде Есіл ауданындағы Туркестан көшесінде орналасқан 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерде шыққан.

Өртті сөндіру кезінде құтқарушылар пәтерден күйік алған әйелді алып шықты. Ол медицина қызметкерлеріне тапсырылып, №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жатқызылды. Пәтердің ішінен үш кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылды. Қаза болған балалардың жасы екіден 13 жасқа дейін — бір ұл және екі қыз.
Ғимараттан шамамен 20 адам эвакуацияланды, тағы 40-қа жуық тұрғын үйден өздігінен шығып үлгерген.
Өрттің себептері анықталып жатыр.
Көршілердің айтуынша, әйел мен балаларды үйде қамап кеткен. Өрт тарай бастағанда әйел есікті аша алмаған.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


