ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағы Ақмола облысында 2011 жылы туған баланы шұғыл тасымалдады

Ақмола облысында ТЖМ авиациясы баланы шұғыл тасымалдауды қамтамасыз етті.

🚁 Бүгін ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» тікұшағының экипажы Көкшетау – Ақкөл – Көкшетау бағыты бойынша санитарлық рейс орындады.
Ұшудың мақсаты — 2011 жылы туған баланы шұғыл тасымалдау болды. Науқасқа мамандандырылған медициналық көмек қажет болғандықтан, ұшу Ақкөл қаласынан Көкшетау қаласындағы медициналық мекемеге ұйымдастырылды.
Ұшқыштар мен дәрігерлердің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында бала діттеген жеріне аман-есен жеткізілді.
«Қазавиақұтқару» тікұшақтары санитарлық авиация міндеттерін орындауға әрдайым дайын және елдің ең қолжетімсіз өңірлерінде де адам өмірін құтқаруда.
@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


