Жаңа туған нәресте ТЖМ тікұшағымен Екібастұздан Павлодарға шұғыл жеткізілді 🚁

ТЖМ «Қазавиақұтқару» экипажы медициналық авиацияның мобильді бригадасымен бірлесіп, жаңа туған қыз баланы Екібастұздан Павлодарға шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізді 🚁.

Бүгін дүниеге келген нәрестеге шұғыл медициналық көмек қажет болғандықтан, оны әуе көлігімен жедел эвакуациялау туралы шешім қабылданды.
Санитарлық авиация мамандары мен тікұшақ экипажының үйлесімді әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында бала қысқа уақыт ішінде медициналық мекемеге жеткізілді.
Қазіргі уақытта қыз бала дәрігерлердің бақылауында.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


