Өскеменде үшінші қабаттағы пәтердегі өрт кезінде 1936 жылы туған ер адам құтқарылды

Өскемен қаласында Қабанбай батыр көшесінде үшінші қабатта орналасқан пәтерде өрт шықты.

Оқиға орнына келген құтқарушылар тұрғын пәтердің терезесінен қалың түтін шыққанын байқады. Газ-түтіннен қорғау қызметінің буынын құра отырып, өрт сөндірушілер пәтерге кіріп, 1936 жылы туған ер адамды құтқарды.
Реанимациялық іс-шаралар жүргізілгеннен кейін ер адам есін жиып, жедел жәрдем бригадасына медициналық мекемеге жатқызу үшін тапсырылды.
Өрт 10 шаршы метр аумақта жедел сөндірілді. Өрт кезінде жиһаз, жеке заттар және тұрмыстық техника жанған. Өрттің шығу себебі анықталуда.
❗ ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


