Астанада Ұлттық ұланның әскери бөлімінде агрессия белгілерін бақылайтын ЖИ жүйесі іске қосылды

Астанада Ұлттық ұланның әскери бөлімінде агрессия белгілерін бақылайтын жасанды интеллект (ЖИ) жүйесі іске қосылды.

Жүйе әскери қызметшілердің күнделікті мінез-құлқын, әрекеттерін және эмоциялық жай-күйін талдайды.
Әскери қызметшілердің іс-әрекетінен агрессия белгілері тіркелсе, ЖИ жүйесі мессенджерлер арқылы бөлімше командирлеріне, тәрбиешілерге және психологтарға хабарлама жолдайды.
Сонымен қатар, бейнематериалдар арнайы платформада сақталады. Жүйе өзін тиімді көрсетсе, оны басқа әскери бөлімдерде де енгізу жоспарланып отыр.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


