Қазақстанда eGov атынан SMS арқылы «айыппұл» жіберетін алаяқтықтың жаңа түрі анықталды

Қазақстанда eGov атынан SMS арқылы айыппұл туралы хабарлама жіберуге негізделген алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды.

Алаяқтар мемлекеттік қызметтерден келгендей болып, айыппұл бар екені туралы SMS таратып, оны тексеру немесе төлеу үшін сілтеме арқылы өтуді ұсынады. Сайт сыртқы көрінісі бойынша eGov-қа ұқсайды, алайда ол — жалған ресурс. Тіпті қате деректер енгізілген жағдайда да жүйе «айыппұлдың» бар екенін көрсетеді.
Төлем жасауға әрекеттенген кезде алаяқтар банк картасының деректерін иемденіп алады.
Полиция айыппұлдарды тек ресми платформалар арқылы ғана тексеру қажет екенін ескертті. Күдікті сілтемелерге өтпеу және белгісіз сайттарға жеке деректерді енгізбеу ұсынылады. Күмән туындаған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгіну қажет.
Фото: Polisia.kz


