Өскеменде ТҚҚС пен асхана орналасқан ғимараттағы өрт сөндірілді

Өскемен қаласында Отдельная көшесі бойында бір шатырдың астында орналасқан техникалық қызмет көрсету станциясы (ТҚҚС) мен асхана ғимаратында өрт шықты.

Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндіру бөлімшелері жануды 250 шаршы метр аумақта оқшаулап, толықтай сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің шығу себебі анықталуда.
❗ ТЖМ кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салды.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


