Қазақстанда шетелдіктерге арналған бірқатар мемлекеттік қызмет уақытша тоқтатылады

Қазақстанда шетелдіктерге арналған бірқатар мемлекеттік қызмет уақытша тоқтатылады. Бұған корпорацияның мәліметінше, техникалық ақау себеп болған.
Не болды Корпорацияның хабарлауынша, қазіргі уақытта халыққа қызмет көрсету орталықтары мен көші-қон қызметтері орталықтарында елде уақытша тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ЖСН қалыптастыру қызметі қолжетімсіз. Техникалық ақау 9 сәуір күні сағат 9:00-де болған.
Сонымен қатар, техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 10 сәуір сағат 09:00-ден 13 сәуір сағат 09:00-ге дейін Қазақстанда шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға уақытша тұруға рұқсат беру қызметі де тоқтатылады.
Корпорация барлық қалпына келтіру жұмыстары аяқталғаннан кейін қызмет көрсету қайта жанданатынын және бұл туралы қосымша хабарланатынын нақтылады.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


