ШҚО-да 21 жастағы жігітті өлтіруге оқталу дерегі бойынша күдіктілер ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында 21 жастағы жігітті өлтіруге оқталу дерегі бойынша күдіктілер ұсталды.
Полицияның мәліметінше, түнгі уақытта Зайсан қаласында белгісіз адамдар оқ атып, 2005 жылы туған жас жігітті арқасынан жаралаған. Зардап шеккен азамат ауруханаға жеткізіліп, реанимация бөлімінде жатыр.
Шабуыл жасағандар оқиға орнынан автокөлікпен қашып кеткен. Алайда олар жедел түрде ізін суытпай ұсталды. Қару тәркіленді, ал күдіктілер ИВС-ке қамалды.
Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.
t.me/kriminal_kazakhstan
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


