Тоқаев Трампты «Артемида-2» миссиясының сәтті аяқталуымен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трампты «Артемида-2» миссиясының сәтті орындалуымен құттықтады.
Мемлекет басшысы Трампқа жолдаған құттықтау хатында «Артемида-2» миссиясының табысты аяқталуын атап өтті. Бұл миссия соңғы жарты ғасырдағы адамның Айға бағытталған алғашқы ұшуы болып, ғарышты игерудегі жаңа тарихи кезеңді айқындады.
Хабарламада Президенттің америкалық ғылымның серпінді жетістіктерін жоғары бағалағаны айтылған. Бұл жетістіктер таным көкжиегін кеңейтіп, әлемдегі жаңа буын ғалымдары, инженерлері мен зерттеушілеріне шабыт көзі болатыны көрсетілген.
Тоқаев Ақ үй басшысына «Артемида» бағдарламасын және ғарыш саласындағы өзге де бастамаларды іске асыруда одан әрі табыс тіледі.
Еске салайық, Artemis II («Артемида-2») миссиясы 10 күн бұрын Флоридадағы Канаверал мүйісінен «Орион» ғарыш кемесімен ұшырылып, аяқталды. Төрт астронавттан тұратын экипаж Жерге сәтті оралды.
Экипаждың суға қонуы 10 сәуірде 20:07-де АҚШ-тың шығыс уақыты бойынша (Қазақстан уақытымен 11 сәуір 05:07-де) өтті.
Команда құрамында: командир Рид Уайзман, пилот Виктор Гловер, миссия мамандары Кристина Кох және Джереми Хансен болды. Гловер Ай миссиясына қатысқан алғашқы афроамерикалық, ал Кох — алғашқы әйел атанды.
Миссия барысында адамның Жерден ең алыс қашықтыққа ұшуына қатысты жаңа рекорд орнатылды — 406 771 километр.
Қазіргі «Орион» ұшырылымы АҚШ-тың жаңа Ай бағдарламасы тарихындағы екінші кезең болды.
2022 жылғы желтоқсанда бағдарламаның бірінші кезеңі — «Артемида-1» аяқталған еді: «Орион» сынақ мақсатындағы ұшқышсыз режимде Айға ұшып, оның орбитасында бірнеше апта болып, кейін Жерге қайтты.
Бағдарламаның үшінші кезеңі — «Артемида-3» аясында адамдар 50 жылдан астам уақыттан кейін алғаш рет Айға қонуы тиіс.
Астронавты миссии “Артемида-2“ показали обратную сторону Луны
NASA опубликовало завораживающие фотографии Земли
“Артемида-2“ совершила первый в истории звонок из глубокого космоса


