Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі қазақстандық ғалымдарды марапаттады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі қазақстандық ғалымдарды марапаттады.
Мемлекет басшысы Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Дүкеш Мәсімханұлын "Барыс" орденінің III дәрежесімен наградтау туралы, сондай-ақ филолог Айнұр Әбиденқызына "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағын беру туралы жарлықтарға қол қойды.
Хабарламада жоғары наградалар олардың шығыстануды дамытуға қосқан елеулі үлесі, синология саласындағы іргелі зерттеулері, ел тарихына қатысты жаңа дереккөздерді ғылыми айналымға енгізуі, мәдени құндылықтарды кеңінен танытуы және Қазақстан мен Қытай арасындағы тарихи байланыстарды нығайтудағы ерекше еңбегі үшін берілгені айтылған.
Осыған байланысты Президент ғалымдарға құттықтау жеделхатын жолдап, онда аталған марапаттар олардың көпжылдық жемісті ғылыми қызметінің нәтижелерін айқындайтынын атап өтті. Мемлекет басшысы белгілі шығыстанушылардың отбасына шығармашылық табыс пен бақ-береке тіледі.


