Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Бұхарадағы Ситуациялық орталыққа барды

Қазақстан мен Өзбекстан мемлекет басшылары Бұхарадағы Ситуациялық орталыққа барды.
Президенттер Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бұхара облысындағы жаңа Ситуациялық орталықтың жұмысымен танысты. Орталық нақты уақыт режимінде өңірдегі ахуалды тәулік бойы бақылап отырады. Бақылау аясында инфрақұрылымның жай-күйі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік жүйелері, қауіпсіздік қызметтері және табиғи үдерістер қамтылады.

Сондай-ақ Ситуациялық орталық төтенше оқиғалар кезінде жедел қызметтердің іс-қимылын үйлестіруді және тәуекелдердің алдын алу мақсатында жағдайлардың даму барысын модельдеуді жүзеге асырады.

0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


