Соня Жиенбаева Қазақстан құрамасындағы алғашқы ойыны туралы айтты: Астанада Андреескуға қарсы матч 1:1 есебіне жеткізді

19 жастағы қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Қазақстан құрамасындағы алғашқы матчы туралы пікір білдірді. 2024 жылы ол Германия паспортын Қазақстан азаматтығына ауыстырған еді.
10 сәуір күні Астанада Жиенбаева Билли Джин Кинг кубогы аясында Канада өкілі, US Open-2019 чемпионы Бьянка Андреескуға қарсы ойнады. Кездесу 6:4; 7:6 есебімен тәжірибелі канадалық теннисшінің пайдасына аяқталды. Дегенмен қазақстандық спортшы тартысты ойын көрсетіп, 6:5 есебі кезінде қарсыласының подачасында сетболға да ие болды.
Жиенбаева матчтан кейін эмоциясымен бөлісіп, ойын басында аздап қобалжығанын айтты.
«Мен басында аздап нервоз болдым, бірақ кортта сабыр сақтағым келді. Кейде сәл ұзағырақ ойнау үшін энергия жетіспей қалды. Бірақ жалпы менде бәрі позитив болды. Кейде, әрине, шықпай қалды, бірақ тұтастай алғанда бұл жақсы дебют болды. Әрине, мен жеңген жоқпын, бірақ Андреескумен ойнай алғаныма өте қуаныштымын — ол “үлкен дулыға” турнирін ұтып алған», — деді спортшы.
Матч барысында қазақстандық жанкүйерлер жаңа құрам мүшесін өте жылы қабылдады: трибунадан «Соня, Соня» деп айқайлап, әр ұпайдан кейін қатты қол соғып отырды. Теннисші мұндай қолдаудың өзіне колледжден бері таныс екенін атап өтті.
«Менің ойымша, мен бұған аздап үйреніп қалдым. Колледжде бір маусым ойнадым, ол жақта да дәл солай, тіпті одан да қатты қолдайтын. Жаттықтырушылар геймдердің арасында келіп, бетіңе айқайлайтын, бүкіл команда жанкүйер болатын. Осындай атмосферада ойнау өте жағымды болды», — деді ол.
Жиенбаева 2006 жылы Алматыда дүниеге келген, алайда ерте жаста ата-анасымен бірге Германияға көшкен. Оның анасы — қазақ, әкесі — неміс. 2024 жылы ол Қазақстан атынан өнер көрсету туралы шешім қабылдағанымен, ұлттық құрамадағы алғашқы матчын тек қазір өткізді.
Андрееску Жиенбаева дебютін бағалады Жеңістен кейін Бьянка Андрееску матчтың оңай болмағанын айтып, қазақстандық теннисшінің болашағына жоғары баға берді.
«Бұл ауыр матч болды. Мен оны бір нәрсемен таңғалдырды деп айтпас едім, яғни бұл деңгейде сіз дәл осындай деңгейдегі теннисшілерге қарсы ойнайтыныңызды күтесіз. Мен матч бойы шоғырлануды сақтауға тырыстым. Қазақстандық жанкүйерлер оған белгілі бір деңгейде көмектесті деп ойлаймын. Ол болашақта одан да жақсы ойнайды деп ойлаймын, әрі біз оны алда да көреміз. Бұл ол үшін тамаша тәжірибе», — деді теннисші.
Осы ойыннан кейін Жиенбаева — Андрееску кездесуінен соң жалпы есеп 1:1 болды. Қазақстан — Канада матчы ертең жалғасады.

Бұған дейін канадалықтарға қарсы матчта Қазақстанға алғашқы жеңісті Юлия Путинцева алып келген.
Ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында ол Беларусьтен шыққан әлемнің бірінші ракеткасы әрі өзінің құрбысы Арина Соболенконың гауһар тастарға деген сүйіспеншілігі туралы пікір білдірді.
Сонымен қатар, қазақстандық теннисші Зарина Дияс мансабын аяқтайтынын жариялады.



