Қазақстанның әйелдер теннис құрамасы Канададан басым түсіп, Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне жолдама алды

Қазақстанның әйелдер теннис құрамасы Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне іріктеу аясында Канада құрамасын жеңді.
Шешуші кездесуде елдің екінші ракеткасы Юлия Путинцева US Open чемпионы Бьянка Андреескуді төрт сағатқа жуыққа созылған тартысты матчта жеңіп шықты.
3 сағат 39 минутқа созылған тартыс Алғашқы сетте қазақстандық теннисшіге оңай болған жоқ: Андрееску ерте брейк жасап, есеп 3:5 болғанда Юлияның өз подачиcында сетболға да ие болды. Алайда Путинцева сол геймді де, келесі геймді қарсыласының подачасында да алып, сет тағдырын тай-брейкке жеткізді.
Тай-брейкте Юлия Путинцева сенімдірек ойнап, 7:6 есебімен бірінші сетте жеңіске жетті.
Екінші партияда Андрееску ойынға қайта оралып, сетті 6:3 есебімен өз пайдасына аяқтады.
Шешуші сетте де ойын ауыр өрбіді: Андрееску брейкпен алға шыққанымен, Путинцева жинақталып, матчта екінші рет тай-брейкке дейін жеткізді. Тай-брейк 7:4 есебімен Юлия Путинцеваның пайдасына аяқталды. Кездесу 3 сағат 39 минутқа созылды.
Матчтың жалпы есебі — 7:6; 3:6; 6:4 Юлия Путинцеваның пайдасына. Қарсыласу қорытындысы бойынша есеп Қазақстан құрамасының пайдасына 3:1 болды.

Бьянка Андрееску 2019 жылы «Үлкен дулыға» турнирі — US Open жарысын жеңіп алған, сондай-ақ әлемдік рейтингте төртінші орынға дейін көтерілген.
Еске салсақ, Канадаға қарсы матчтың бірінші күнінде Юлия Путинцева Кайла Кроссты жеңді, ал Соня Жиенбаева тартысты ойында Андреескуге жол берді.

Екінші күні жұптық матчта Анна Данилина мен Жібек Құламбаева канадалықтар Бьянка Андрееску мен Кайла Кроссты жеңді.
Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңінде әлемнің үздік сегіз командасының қатарына енген Қазақстан құрамасы 2026 жылдың күзінде Қытайда өтетін турнирде өнер көрсетеді.
Бұған дейін қазақстандық теннисші Зарина Дияс мансабын аяқтауға не себеп болғанын айтқан.

Сондай-ақ 19 жастағы қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева азаматтығын ауыстырғаннан кейін Қазақстан құрамасы сапындағы алғашқы матчы туралы пікір білдірді.


