Қызылордада құтқарушылар 3 жастағы баланың пәтерде қамалып қалуына байланысты қауіпті жағдайдың алдын алды 🚨

🚨 ТЖМ құтқарушылары қайғылы жағдайдың алдын алды

112 пультіне Қызылорда қаласы Сәулет ықшамауданында 3 жастағы баланың пәтер ішінде қамалып қалғаны туралы хабар түсті. Жағдай қауіпті болды: газ плитасында қайнап тұрған шәйнек қосулы күйде қалған.
Оқиға орнына келген құтқарушылар пәтерге кіру мүмкіндігі шектеулі екенін анықтады — терезелерде темір торлар орнатылған. Гидравликалық құралдың көмегімен құтқарушылар торды кесіп, терезе арқылы пәтерге кіріп, газ плитасын сөндіріп, кіреберіс есікті ішінен ашты.
Бала ата-анасына тапсырылды, медициналық көмек оған қажет болған жоқ.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


