Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев 15 наурыздағы жалпыұлттық референдумға қатысуға шақырды

Қарағанды облысының әкімі **Ермағанбет Бөлекпаев** өңір тұрғындарын **15 наурызда** өтетін жалпыұлттық референдумға қатысуға шақырды.
Өңір басшысы өз үндеуінде референдумның азаматтардың тікелей ерік білдіруінің маңызды тетігі екенін және елдің одан арғы дамуын айқындауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
«Жаңа Конституция мемлекеттің өзекті қажеттіліктеріне жауап береді және қазіргі жағдайларда оның тұрақтылығын нығайтуға бағытталған. Негізгі заң қоғам мен мемлекеттің өзара жауапкершілігін де күшейтіп, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін бекітеді. Референдумға қатысатын Қарағанды облысының тұрғыны — ел тағдырына бейжай қарамайтын және ұлттың болашағы үшін жауапкершілікті сезінетін адам», — деді Ермағанбет Бөлекпаев.
Әкім сондай-ақ жаңа Конституция жобасын талқылау қоғамдық диалогтың маңызды кезеңіне айналғанын, осы үдеріс барысында ел тұрғындары болашақ мемлекеттік құрылым туралы өз пікірін білдіре алғанын айтты.
Оның сөзінше, ұсынылып отырған өзгерістер құқықтық мемлекет қағидаттарын одан әрі нығайтуға, азаматтық қоғамның рөлін арттыруға және демократиялық институттарды дамытуға бағытталған. Негізгі заң жобасында адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, әлеуметтік әділеттілікке және мемлекеттің азаматтар алдындағы жауапкершілігіне ерекше назар аударылған.
Ермағанбет Бөлекпаев референдумға қатысу азаматтық ұстанымның көрінісі әрі әрбір тұрғынның Қазақстанның алдағы даму бағытын қалыптастыруға үлес қосу мүмкіндігі екенін атап өтті.
Өңір әкімі облыс тұрғындары азаматтық белсенділік танытып, дауыс беруге қатысатынына сенім білдірді.


