Алматыда бизнес өкілдері тұрғындарды 15 наурыздағы жалпыұлттық референдумға қатысуға шақырды

Алматыда іскерлік қауымдастық өкілдері қала тұрғындарына алдағы жалпыұлттық референдумға қатысуға шақырды. Олардың айтуынша, мұндай маңызды оқиғаға қатысу әрбір азаматқа өз ұстанымын білдіріп, елдің болашағына үлес қосуға мүмкіндік береді.
Коалиция мәліметінше, қазақстандықтарға арналған үндеуді қолдағандар қатарында бизнес өкілдері мен қоғам қайраткерлері бар: Арманжан Байтасов, Бейбит Алибеков, Максат Кикимов, Раушан Аубакиркызы, Ерлан Жайлаубай және Гульнара Бижанова.
Олар белсенді азаматтық ұстаным мемлекеттің дамуына маңызды әсер ететінін атап өтті. Кәсіпкерлердің пікірінше, референдум — қоғамға елдің алдағы бағытын айқындайтын шешімдерді қабылдауға мүмкіндік беретін тікелей демократияның маңызды тетігі.
Үндеуге ірі кәсіпкерлер де қосылды. Бизнесмен Тимур Турлов елдің Негізгі заңын түсіну мен талқылаудың маңызын атап өтті.
"Что может быть важнее, чем знать и понимать свою Конституцию? Это ключевая рамка, которая определяет философию и практику всей системы права и власти в нашей стране", — подчеркнул он.
Кәсіпкер Турсен Алагузов та азаматтарды белсенділік танытып, дауыс беруге қатысуға шақырды.
"15 марта состоится общенациональный референдум по проекту новой Конституции. Я призываю не оставаться в стороне и принять в нём участие. Для Алматы, как активного и ответственного города, это особенно важно", — отметил он.
Кәсіпкер Бейбит Алибеков 15 наурызда сайлау учаскесіне міндетті түрде келіп, референдумда дауыс беретінін айтты.
"Я обязательно приду на избирательный участок, получу свой бюллетень и отдам свой голос", — подчеркнул он.
Бизнес өкілдері Қазақстанның экономикалық дамуы, тұрақтылығы мен әл-ауқаты көп жағдайда азаматтардың қоғамдық үдерістерге қатысуына байланысты екенін атап өтті. Осыған байланысты олар алматылықтарды жауапкершілік танытып, сайлау учаскелеріне келуге шақырды.
Коалицияның баспасөз қызметі кәсіпкерлер Алматы тұрғындары ел үшін маңызды оқиғадан шет қалмай, белсенділік танытады деген сенім білдіргенін хабарлады.


