Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады

17 наурызда Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануына арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.


Іс-шараға Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, салтанатты рәсім барысында қазақстандықтарды Негізгі заңның қабылдануымен құттықтады.
Салтанатты жиында Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумның қорытынды нәтижелерін жариялады.

Президент өз сөзінде бұл оқиғаның ел өміріне елеулі ықпал ететінін атап өтті.
"Бүгін сіздер барлығыңыз еліміздің өміріне орасан зор ықпал ететін шын мәнінде тарихи оқиғаның куәсі болдыңыздар. Мен Мемлекет басшысы ретінде бүкіл халқымыздың атынан Қазақстанның Негізгі заңын өз қолтаңбаммен бекіттім. Сондай-ақ Конституцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойдым. 1 шілдеде Халық Конституциясы ресми түрде күшіне енеді. Ал Конституция күнін біз жыл сайын 15 наурызда жалпыұлттық деңгейде мемлекеттік мереке ретінде атап өтетін боламыз", — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ 17 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияны іске асыру туралы Жарлыққа қол қойды.
Жаңа Конституция туралы Жаңа Конституцияға енгізілген өзгерістер Конституция мәтінінің шамамен 84 пайызына әсер етті. Негізгі жаңалықтардың қатарында:
- вице-президент лауазымын енгізу;
- бір палаталы Парламентке – Құрылтайға көшу;
- жаңа консультативтік орган – Қазақстанның Халық кеңесін құру.


0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


