Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция жобасы бойынша референдумнан кейін БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді

Жаңа Конституция жобасы бойынша референдумда дауыс бергеннен кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.
Брифинг барысында «Время» газетінің тілшісі Тогжан Ғани әлемдік тәжірибеде конституциялық реформаның әдетте ұзақ уақыт алатынын, ал Қазақстанда жаңа Конституцияны дайындау мен талқылау қысқа мерзімде өткенін айтып, бұл жайт халықаралық бақылаушылар тарапынан сынға ұшырағанын жеткізді. Ол Президенттен осы мәселеге қатысты бағасын сұрады.
Президент Конституция бойынша жұмыс ұзақ уақыт бойы жүргізілгенін айтты.
«Сіз білесіз, 2022 жылы Конституцияға өзгерістер енгізілді. Сол кезде-ақ жаңа Конституция қабылдауға болатын еді, бірақ біз одан бас тарттық. Содан кейін жаңа Конституция қабылдау идеясы пайда болды. Мен шамамен екі жыл бұрын жұмысқа кірістім. Елге жаңа Конституция қажет деп санадым. Біздің еліміз, ең алдымен, зайырлы мемлекет болуы керек. Бұл Конституция прогрессивті Қазақстанның Конституциясы екеніне сенімдімін. Біз озық ойлап, прогреспен қатар жүруіміз керек, артта қалмауымыз қажет. Ең алдымен, егер біз прогрессивті ел болмассақ, шетел мемлекеттерінің көз алдында беделімізді жоғалтамыз. Сондықтан тағдырымызды өз қолымызға алуымыз керек. Ел игілігі үшін аянбай еңбек етуіміз қажет. Бұл — алдымызда тұрған ең маңызды мақсат», — деді Тоқаев.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдумда дауыс берген болатын.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


