Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдумда дауыс берді.
Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша дауыс беруге Оқушылар сарайында орналасқан №51 референдум учаскесінде қатысты.
Дауыс бергеннен кейін Президент отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізді.
Журналистерге сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев референдумның елдің болашақ дамуы үшін айрықша маңызын атап өтті.
"Поздравляю всех вас, ведь сегодня судьбоносный день для нашей страны. Конституция – это поистине исторический документ, который гарантирует права и свободы наших граждан, поэтому он имеет исключительное значение. Новая Конституция утверждает территориальную целостность, Независимость и Суверенитет нашей страны. Конституция, принятая в 1995 году, сыграла свою роль. Наша страна жила по этому документу 30 лет, но время не стоит на месте. Настал момент принять новый Основной закон. Я также активно участвовал в его подготовке, лично предложил формулировки преамбулы Конституции и ряда других норм. Уверен, новый Основной закон будет служить на благо страны и ее будущего", – заявил Глава государства.
Одан кейін Президент конституциялық реформаның негізгі мақсаттары мен міндеттеріне, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіне қатысты бірқатар сұраққа жауап берді.
Жаңа Конституция бойынша референдум
Референдумдағы дауыс беру Қазақстанда 15 наурыз күні 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Азаматтарға қолайлы болу үшін нақты аумақтық комиссиялар өзге уақыт белгілеуі мүмкін.
Дауыс беру бюллетенінде бір сұрақ бар:
"Принимаете ли вы новую Конституцию Республики Казахстан, проект которой опубликован в средствах массовой информации 12 февраля 2026 года?"
Қазақстандықтар референдумда қандай өзгерістерге дауыс беретіні туралы — сілтеме арқылы оқуға болады.
Редакция Tengrinews.kz елде бүгін, 15 наурызда, не болып жатқанын онлайн режимде баяндайды.


