8 наурызда Қазақстан құрамасы Италиядағы Паралимпиада-2026 ойындарының екінші күнінде парабиатлонда өнер көрсетті

Бүгін, 8 наурызда, Қазақстан құрамасы Италияда өтіп жатқан Паралимпиада-2026 ойындарының екінші күнін өткізді. Қазақстандық паралимпиялық спортшылар екі спорттық дисциплинада бақ сынады.
Алдымен ерлер арасындағы парабиатлоннан (жеке жарыс, 12,5 км, отырып жарысатындар) Қазақстан атынан Ербол Хамитов, Сергей Усольцев және Юрий Березин стартқа шықты.
Бұл жарыста ең жоғары нәтиже көрсеткен Ербол Хамитов 6-орын иеленіп, көшбасшыдан 2 минут 46 секундқа қалып қойды. Сергей Усольцев 21-орын, ал Юрий Березин 22-орын алды.
Кейін ерлер арасындағы парабиатлонда (тұрып жарысатындар) қазақстандық Александр Герлиц өнер көрсетті. Нәтижесінде ол 9-орын алып, жеңімпаздан 2 минут 55,7 секундқа қалып қойды. Спортшы төрт атыс шебінде үш рет мүлт кетті. Жалпы бұл жарысқа 19 спортшы қатысты.
XIV қысқы Паралимпиада ойындары Италияда 6–15 наурыз аралығында өтеді. Ойындарда парашаңғы жарысы, парабиатлон, арбамен керлинг, парасноуборд, тау шаңғысы және парахоккей бойынша 79 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Биыл Қазақстан атынан бұл жарыстарға 7 спортшы қатысады. Парабиатлон және парашаңғы жарысына Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Сергей Усольцев және Юрий Березин тіркелген. Ал парашаңғы жарысында Нурлан Алимов, Анна Грачёва және Владислав Кобаль бақ сынайды.
Зимняя Паралимпиада стартовала в Италии: казахстанцы на церемонии открытия


