Астанада екінші ауысымдағы оқушылар мен колледж студенттері 11 наурызда қашықтан оқуға көшірілді

Астана қаласында ауа райының нашарлауына байланысты екінші ауысымда оқитын мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқуға көшірілді.
Қалалық білім басқармасының мәліметінше, 11 наурызда ауа райы жағдайының нашарлауына (желдің күшеюі) байланысты 0–11 (12) сынып оқушылары және 9-сынып базасында оқитын колледждердің 1–2 курс студенттері екінші ауысымда қашықтан оқу форматына өтеді.
Астанадағы ауа райы болжамы Бұған дейін синоптиктер Астанада алдағы үш күнге — 11, 12 және 13 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынған.
11 наурыз: құбылмалы бұлтты, кей уақытта қар, боран. Жел оңтүстік-батыстан: түнде 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с; күндіз 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с, кей уақытта 30 м/с және одан да жоғары. Ауа температурасы түнде -27...-29°, күндіз -13...-15°.
12 наурыз: құбылмалы бұлтты, кей уақытта қар, боран. Жел оңтүстік-батыстан 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с, түнде кей уақытта 30 м/с және одан да жоғары. Ауа температурасы түнде -13...-15°, күндіз -3...-5°.
13 наурыз: құбылмалы бұлтты, түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Төменгі боран, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде -3...-5°, күндіз 0...-2°.


