Астанада 10 наурызда екінші ауысымның 0–8-сынып оқушылары қашықтан оқиды

Астанада 10 наурыз күні мектеп оқушыларының бір бөлігі үйден оқиды. Қалалық білім басқармасының мәліметінше, ауа райының нашарлауына байланысты (желдің күшеюі) екінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқу форматына көшіріледі.
Баспасөз қызметі бастапқыда қашықтан оқуға екінші ауысымның 0–6-сынып оқушылары ауысатынын нақтылаған.
Кейінірек басқарма 10 наурызда қолайсыз ауа райына байланысты екінші ауысымдағы 0–8-сынып оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылғанын хабарлады.
Бұған дейін синоптиктер Астана мен Алматыға алдағы үш күнге — 10, 11 және 12 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынған.
**10 наурызда** елордада ауыспалы бұлтты болады, кей уақытта қар жауады, боран, тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан 9–14, екпіні 15–20, күндіз кей уақытта секундына 23 метрге дейін. Ауа температурасы түнде -8...-10 градус, күндіз -6...-8 градус.
**11 наурызда** Астанада ауыспалы бұлтты, түнде қар, боран болады. Жел оңтүстік-батыстан 9–14, екпіні секундына 15–20 метр. Ауа температурасы түнде -25...-27 градус, күндіз -13...-15 градус.
**12 наурызда** болжам бойынша елордада бұлтты, қар және боран күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 9–14, екпіні 15–20, кей уақытта секундына 23 метр. Ауа температурасы түнде -13...-15 градус, күндіз -3...-5 градус.


