Астанада 11 наурызда бірінші ауысымдағы оқушылар мен колледж студенттері қашықтан оқуға көшеді

Астанада 2026 жылғы 11 наурыз, сәрсенбі күні мектеп оқушылары мен студенттердің бір бөлігі үйден оқиды.
Қалалық білім басқармасының мәліметінше, қашықтан оқу форматына бірінші ауысымдағы оқушылар мен студенттер көшіріледі.
«Ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты (желдің күшеюі және ауа температурасының одан әрі төмендеуі) 2026 жылғы 11 наурызда 0–11 (12) сынып оқушылары және 9-сынып базасындағы колледждердің 1–2 курс студенттері бірінші ауысымда қашықтан оқу форматына көшеді», – делінген хабарламада.
Синоптиктер 11 және 12 наурыз күндеріне Астана мен Алматы бойынша ауа райы болжамын ұсынған.
11 наурызда Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі, түнде қар, боран болады. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде -25…-27°, күндіз -13…-15°.
12 наурызда елордада болжам бойынша бұлтты, қар және боран күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с, кей уақытта 23 м/с. Ауа температурасы түнде -13…-15°, күндіз -3…-5° болады.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


