Алматыда Жандосов пен Әуезов көшелерінің қиылысында автобус қатысқан жаппай жол апаты болды

Алматыда Жандосов және Әуезов көшелерінің қиылысында автобус қатысқан жаппай жол-көлік оқиғасы болды.
Не болды Оқиға туралы редакцияға оқырмандар хабарлап, оқиға орнынан фотосуреттер жолдаған. Суреттерге қарағанда, апатқа № 95 автобус және зақымданған бірнеше жеңіл көлік қатысқан.
Оқырмандар ықтимал зардап шеккендер туралы хабарламаған.
Полиция не дейді Полиция мәліметінше, оқиға 13 наурызда сағат 15:20-де Бостандық ауданында болған. Автобус бес жеңіл автокөлікпен соқтығысқан.
Полицияның хабарлауынша, Foton маркалы автобустың жүргізушісі Жандосов көшесімен шығыс бағытта, Манас көшесінен батысқа қарай келе жатып, арақашықтықты сақтамау салдарынан алдында келе жатқан бес көлікпен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан бір адам зардап шеккен.
Полициядағылардың айтуынша, зардап шеккен адам медициналық көмекке жүгінген. Оқиғаның мән-жайын Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр.
Зардап шеккен адамның жағдайы Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, жол апатынан 35 жастағы әйел зардап шеккен. Ол Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген.
Тексерулер мен мамандар кеңесінен кейін оған бел омыртқасының байлам аппаратының соғылуы және созылуы диагнозы қойылған. Құралдық зерттеулер нәтижесі бойынша пациенттің жағдайы тұрақты деп бағаланған, ауруханаға жатқызуға көрсетілім анықталмаған.
Басқармадағылар пациентті ұсынымдармен үйіне жіберіп, әрі қарай тұрғылықты жері бойынша бақылау жүргізілетінін айтты.
Автобус паркі не дейді ТОО "ECOBUS Service" компаниясы жол апаты фактісі бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлаған.
Бұған дейін Алматының Әуезов ауданында жолаушылар автобусы қатысқан жаппай жол апаты болып, апаттан бала зардап шеккені айтылған.
Сондай-ақ: Алматыда автобус қатысқан жаппай жол апаты болды


