Анна Данилина Индиан-Уэллстегі «Мастерста» жұптық сында ширек финалға шықты

Қазақстандық теннисші Анна Данилина, әлемдік жұптық рейтингте отандастары арасында ең жоғары орында тұрған спортшы ретінде, Индиан-Уэллсте (АҚШ) өтіп жатқан «Мастерс» турнирінің ширек финалына шықты.
Данилина Сербия теннисшісі Александра Круничпен жұптасып, Людмила Киченок (Украина) пен Дезире Кравчикті (АҚШ) 6:4, 6:1 есебімен жеңді.
Кездесу барысында қазақстандық және сербиялық жұп екі эйс орындап, төрт қос қате жіберді және 11 брейк-пойнттың төртеуін сәтті жүзеге асырды. Ойын 1 сағат 13 минутқа созылды.
Айта кетейік, 1/16 финалда Данилина мен Крунич Слоан Стивенс (АҚШ) пен Донна Векичті (Хорватия) 6:3, 6:3 есебімен ұтқан болатын.
Келесі кезеңдегі қарсыластары Хейли Баптист (АҚШ) пен Елена Остапенко (Латвия) жұбы мен Мирра Андреева (Ресей) және Виктория Мбоко (Канада) дуэті арасындағы матчтан кейін анықталады.
Еске салайық, биылғы маусымда Данилина мен Крунич Australian Open турнирінің финалына дейін жетіп, сондай-ақ Дохадағы WTA 1000 турнирінде жеңіске жеткен.
Сонымен қатар, жекелей сында өнер көрсететін қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі турнирді Хэйли Баптистке қарсы қиын жеңіспен бастаған.
Ал Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің 10-ракеткасы Александр Бублик «Мастерс» турнирі аясында Чехия өкілі Вит Коприваны жеңді.


