Александр Бублик Монте-Карлодағы «Мастерс» турнирін жеңіспен бастады

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик (№11 ATP) Монте-Карлода өтіп жатқан «Мастерс» сериясындағы турнирді жеңіспен бастады.
Жарыстың екінші айналымында сегізінші нөмірлі егіс мәртебесіне ие Бублик франциялық Гаэль Монфисті 6:4, 6:4 есебімен ұтты.
Бұрын әлемнің алтыншы ракеткасы болған қарсыласымен өткен кездесу 1 сағат 17 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде қазақстандық теннисші төрт эйс жасап, үш қос қате жіберді және жеті брейк-пойнттың үшеуін сәтті жүзеге асырды.
Монфистің еншісінде екі эйс, бір қос қате және бір ғана жүзеге асқан брейк бар.
Турнирдің үшінші айналымында Бублик Иржи Легечка — Алехандро Табило жұбының жеңімпазымен ойнайды.
Бұған дейін Бублик «Мастерс» санатындағы Майами турнирінде екінші айналымнан әрі өте алмаған еді.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


