Александр Бублик Майамидегі «Мастерс» турнирінің екінші айналымында жеңілді

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Майамиде өтіп жатқан «Мастерс» санатындағы турнирде екінші айналымнан әрі аса алмады.
Бублик Италия өкілі Маттео Берреттиниден екі сетте жеңілді — 4:6, 4:6. Матч 1 сағат 28 минутқа созылды.
Ойын барысында Бублик бес эйс жасап, үш қос қате жіберді. Алайда ол алты брейк-пойнттың бірде-бірін пайдалана алмады.
Берреттини өз подачиында анағұрлым сенімді көрінді: оның еншісінде 17 эйс және бір қос қате бар. Сондай-ақ италиялық теннисші жеті мүмкіндіктің екеуінде брейк жасай алды.
Келесі айналымда Берреттини Валантен Вашеро — Мариано Навоне жұбындағы жеңімпазбен кездеседі.
Қазақстандық дуэль: Путинцева АҚШ-тағы турнирде Рыбакинаға қарсы ойнайды
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


