СҚО-да су тасқынына қарсы қорғаныс күшейтілуде: негізгі учаскелерде жұмыстар басталды

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны қаупіне қарсы қорғаныс шаралары күшейтіліп, негізгі учаскелерде жұмыстар басталды.

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД бастығы Петропавл қаласының әкімімен бірлесіп, қала маңындағы жер үйінділерін нығайту және инертті материалдар дайындау жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелерді аралап шықты. Сапар барысында олар жұмыстардың қазіргі барысын бағалап, елді мекендерді қорғау бойынша алдағы шараларды айқындады.
Өңірде ҚР ТЖМ әскери қызметшілерінің қатысуымен су тасқынына қарсы белсенді іс-шаралар жүргізілуде. Негізгі назар қап дайындауға, сондай-ақ судың көтерілуін тежеуге және су басудың алдын алуға мүмкіндік беретін қорғаныс шептерін құруға аударылып отыр.
Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында №28237 әскери бөлімінің күшімен инертті материалмен толтырылған мыңдаған қап дайындалды. Бұл қаптар бөгеттерді нығайтуға пайдаланылып, тұрғындардың қауіпсіздігін және инфрақұрылымның сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.
@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе


