Америкалық актер және жекпе-жек шебері Чак Норрис 86 жасында қайтыс болды

86 жасында америкалық актер және жекпе-жек өнерінің шебері Чак Норрис қайтыс болды. Бұл туралы актердің отбасы әлеуметтік желідегі жазбасында хабарлады.
Отбасы мәлімдемесінде Норристің жақында ауруханаға түскені туралы көпшілік естігенін атап өтіп, қолдау білдіргендерге алғыс айтты.
"Біз сіздердің көпшілігіңіз оның жақында ауруханаға түскені туралы естігендеріңізді білеміз және оған бағыттаған дұғаларыңыз бен қолдауларыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Біз бұл қайғыны бастан өткеріп жатқанда, осы қиын уақытта отбасымыздың жеке өміріне құрметпен қарауды сұраймыз. Оны бізбен бірге жақсы көргендеріңіз үшін рақмет", — деп жазды актердің жақындары әлеуметтік желіде.
Чак Норрис 1940 жылғы 10 наурызда АҚШ-та дүниеге келген. Ол еңбек жолын каратэ нұсқаушысы ретінде бастап, қысқа уақыт ішінде ең танымал жауынгерлердің біріне айналды. Норрис көптеген титулдарды жеңіп алып, жекпе-жек өнері бойынша өз мектептерін ашқан.
Киноға ол 1970-жылдары келіп, күшті әрі әділ кейіпкерлерді сомдаған боевиктері арқылы танымал болды. Кең аудиторияға әсіресе фильмдері және "Крутой Уокер" сериалы арқылы кеңінен танылып, әділдік үшін күресетін жеңілмес қаһарман бейнесін бекітті.
Кейінірек актер "Чак Норрис туралы фактілер" арқылы интернет-феноменге айналып, поп-мәдениетте күштің және ирониялық культтің символы ретінде қабылданды.


