Юлия Путинцева Майамидегі WTA 1000 турнирін жеңіспен бастады

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева (№ 75 WTA) АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирді жеңіспен бастады.
Бірінші айналымда Путинцева Индонезия өкілі Джаниче Ченмен (№ 40 WTA) кездесті. Матч қазақстандық теннисшінің пайдасына 3:6, 6:3, 6:4 есебімен аяқталды. Кездесу екі сағат жеті минутқа созылды.
Осылайша, жарыстың екінші айналымында қазақстандық дерби өтеді: Путинцева Елена Рыбакинамен (№ 2 WTA) ойнайды.
Матч Қазақстан уақытымен 21 наурыз таңына жоспарланған.
Еске салайық, бұған дейін Елена Рыбакина өз мансабында және Қазақстан теннисі тарихында алғаш рет әлемнің екінші ракеткасы атанған болатын.
Сондай-ақ: Елена Рыбакина туралы сүйкімді видео оның Қазақстандағы шығындарын еске салды
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


