Майамидегі WTA-1000 турнирі: Елена Рыбакина Юлия Путинцеваны екі сетте жеңді

Майамиде өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы турнирде әйелдер арасындағы жекелей сында екінші айналым матчы аяқталды. Қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева кортта кездесті.
Әлемнің екінші ракеткасы Рыбакина қарсыласын екі сетте жеңді — 6:3, 6:3. Кездесу 1 сағат 17 минутқа созылды.
Матч статистикасы бойынша Рыбакина тоғыз эйс жасап, екі қос қате жіберді және алты брейк-пойнттың үшеуін сәтті орындады. Путинцева бір эйс жасап, қос қате жібермеді, сондай-ақ матч барысында тапқан үш брейк-пойнттың біреуін пайдаланды.
Үшінші айналымда Майамидегі «мыңдық» турнирінде Елена Рыбакина Украинадан келген, әлемнің 28-ракеткасы Марта Костюкпен ойнайды.
Miami Open турнирі 17–28 наурыз аралығында өтеді. Жарыстың жалпы жүлде қоры 18 831 450 долларды (шамамен 9,08 миллиард теңге) құрайды, ал жекелей сын жеңімпаздары 1 151 380 доллардан ( 555 миллион теңгеден астам) алады.
Турнирдің қазіргі чемпионы — әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко.


