Ақтөбе облысында су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуі үшін алдын алу шаралары күшейтілді

Ақтөбе облысында су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу іс-шараларының кешені іске асырылуда 🌊

Мұз кептелістерінің алдын алу мақсатында қауіпті учаскелер алдын ала анықталып, сол аумақтарда арнайы жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, Ойыл, Ырғыз, Қобда, Сауқайың, Елек және Тамды өзендерінде мұзды бұзу бойынша жарылыс жұмыстары атқарылды. Бұл арналардың өткізу қабілетін арттырып, су массасының еркін қозғалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Сондай-ақ өзен жағалауларында және су өткізу каналдарында қамыс пен қалың өсімдіктерден тазарту жүргізілді. Бұл судың кедергісіз өтуіне ықпал етеді.
@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


